АЭА және ӨА

АЭА және ӨА

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағы

Құрылған күні: Қазақстан Республикасы Президентінің «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлығына сәйкес 2011 жылғы 29 қараша.

Аумағы: «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп аймағында орналасқан. Аумағы 3300 га құрайды. Соның ішінде, АЭА қатысушыларын орналастыру үшін жер учаскесі - 1200 га және «Былқылдақ» су жинауышы - алаңы 2100 га.

АЭА құру мақсаты:

1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда, заманауи технологияларды пайдаланумен қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;
2) жоғары терең өңдеумен басымдықта салаларды дамыту шеңберінде серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды іске асыру;
3) қолайлы инвестициялық ахуалды құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері негізінде химия салаларын кешенді дамыту.

Қызметінің басымдықты түрлері:

1) химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі;
2) мұнай-химия өнімдерінің өндірісі, сондай-ақ ілеспе аралас өндірістер мен технологиялар өнімдері.

АЭА қатысушылары үшін преференциялар:

№ р/с Салықтар мен баждар АЭА резиденттері
1 Корпоративтік табыс салығы 0 %
2 Мүлік салығы 0 %
3 Жер салығы 0 %
4 Жерді жалға алу төлемі 0 %
5 Қосымша құн салығы 0 %
6 Кедендік баж 0 %

Тіркелген қатысушылар:

Бүгінгі күні 45 қатысушы тіркелді. Өндірістерді іске қосуға жоспарланған жалпы инвестиция көлемі 341,2 миллиард теңгені құрайды, 3000 астам жаңа жұмыс орыны ашылады.

«Павлодар» АЭА инфрақұрылымы

Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының келесі объектілерінің құрылысы жүргізілуде: 

  • кеден  терминалы;
  • техникалық су құбыры;
  • электрмен қамтамасыз ету;
  • «Павлодар» АЭА аумағын қоршау. 

«Павлодар» АЭА жобалары:

Бұл ретте, 2012 және 2013 жылдары инфрақұрылым құрылысына қаржаттың жоқтығына қарамастан, қазіргі уақытта АЭА аумағында 3 кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар:

  • «Каустик» АҚ еріткіш тұз қышқылының өндірісі бойынша цех;
  • «Белизна-ПВ» ЖШС тұрмыстық химия өндірісі;
  • «БО-НА» ЖШС залалсыздандыру құралдарының өндірісі.

3 кәсіпорынның құрылысы жүргізілуде:

1. «УПНК-ПВ» ЖШС - қыздырылған мұнай коксының өндірісі. Инвестиция көлемі – 16800 млн. теңге. Пайдалану кезеңіндегі жұмыс орнының саны – 150 адам. А.ж. 15 желтоқсанда «УПНК-ПВ» ЖШС жобасын іске асырудың «сынақты іске қосу» бірінші сатысы енгізілді. Жобаны іске асырудың екінші сатысы 2015 жылғы 2-тоқсанға жоспарлануда. Толық қуатқа шығу 2015 жылғы 4-тоқсанда;
2. «АгроХимПрогресс» ЖШС - агрохимия өнімдерін өндіру. Инвестиция көлемі - 3276 млн. теңге. Пайдалану кезеңіндегі жұмыс орнының саны – 118 адам. Жобаны іске қосу 2015 жылғы бірінші тоқсанға жоспарлануда;

3. «Kazakhstan Chemical Company» ЖШС - органикалық синтез, поливинилхлорид және полиолефин өндірісі. Инвестиция көлемі – 2 100 млн. теңге. Пайдалану кезеңіндегі жұмыс орнының саны – 150 адам. Жобаны іске қосу 2015 жылғы бірінші тоқсанға жоспарлануда.

Көрсетілген 6 жоба бойынша инвестицияның жалпы көлемі 39,9 млрд.теңгені құрайды, 700-ден астам жұмыс орны ашылады.

Мекен-жайы:

ММ «Менеджмент индустриялық-инновациялық Павлодар облысының дамыту»
140000, Павлодар қ. Ленин, 61
Тел: +7 (7182) 32-00-83
E-mail: iir2050@gmail.com

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге