Бизнесті жүргізу мындасыз

Кіріспе

Павлодар облысы 1938 жылы 15 қаңтарда құрылған. Оның аумағы 124,8 мың шаршы км. құрайды. Облыстың құрамында үш қала (Павлодар, Екібастұз, Ақсу), 5 ауыл және он ауылдық аудан бар.

Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік- шығысында Ертіс өз. екі жағалауында орналасқан. Солтүстігінде- Омск облысымен, солтүстік – шығысында- Новосибирск, шығысында- Ресей Федерациясының Алтай аймағымен, оңтүстігінде – Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батысында- Қазақстан Республикасының Ақмола және Шығыс- Қазақстан облыстарымен шектеседі.

Жағрафиясы

Облыстың тиімді орналасуы басқа мемлекеттермен және Қазақстанның облыстарымен Оңтүстік Сібір және Орта Сібір теміржол магистральдарымен, авиациялық, электрондық, құбырлық және су көліктері түрімен байланысуға мүмкіндік береді.

Облыстың үлкен бөлігін дала жазығы алып жатыр, оны қазақтар ертеден Сарыарқа- Алтын дала деп атаған.

Облыс аумағында Ертіс бойындағы Павлодардың інжу моншағы, Қазақстан Республикасының аса әдемі жерлернің бірі -Баянауыл орналасқан. Негізгі туристік жерлердің арасында – таулы аудандар, қайыңды ормандар, Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл көлдері. Облыстың солтүстігінде Қазақстан мен Ресейдің түкпір- түкпірінен келетін барлық туристердің аса ірі демалыс аймағы және қажылық ететін жері бар.

Павлодар облысының ауа-райы суық, ұзақ қысымен (5,5 ай), ыстық және қысқа (3 ай) жазымен сипатталатын күрт- континенталды. Облыстың аумағы— 127,5 мың шаршы км. Облыстың әкімшілік- аумақтық құрылымына 3 қала, 7 кент, 10 ауылдық аудан, 165 ауылдық аймақ және 505 ауыл кіреді. Қала халқының меншікті үлесі - 64 %.

Халқы

Облыстың халқы 745 мың адамды құрайды. Облыста 70-тен астам ұлт өкілдері тұрады, олар – қазақтар, орыстар, украиндер, немістер, татарлар, беларустар және басқалары.

Экономикасы

Павлодар облысы - Қазақстанның басты индустриалды аймақтарының бірі болып табылады. Бұл жерде ТМД экономикалық кеңістігіндегі аса ірілердің бірі дәстүрлі қалыптасқан өндірістердің минералды және көмірсутегі шикізатын игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесуімен аумақтық- өндірістік тарихи кешен қалыптасқан.

Облыстың аса үлкен табиғи- ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, жоғары ғылыми- техникалық әлеует, ол Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі әр түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аудартады. Оның үстіне, бұл экономикалық деңгей көрсеткіштеріне аймақтың басқа да тартымды әлеуметтік белгілері қосылады: дамыған банк саласы, облыс үкіметінің бағалаулары бойынша, шағын және орта бизнестің динамикалық дамуы, жоғары класты мамандардың болуы, заманауи көліктік- коммуникациялық инфрақұрылым, шетелдік инвесторлардың болуы, мемлекеттік даму бағдарламаларының болуы.

Павлодар облысының аумағында көпсалалық индустриалды кешен қалыптасқан. Аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін экспортқа бағдарланған ірі өнеркәсіптік компаниялар анықтайды. Олар көмір , электрлік - және жылулық энергияны, топырақтағы алюминий тотығын, ферроқорытпалар өндіреді. Облыстың үлесіне Республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7 %-ға жуық, республикалық көмір өндірудің 70 %-ға жуық, республикалық ферроқорытпалар өндірісінің ¾ мөлшері, республикалық электрлік энергия мен мұанй өнімдерін өндірудің 40 %-ға жуық мөлшері келеді. Облыста химиялық, машина жасау және металл өңдеуші салалардың кәсіпорындарын дамыту үшін жеткілікті әлеует бар.

Облыста әр түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі неғұрлым ірілері: «Казақстандық электролиз зауыты» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазхром» ТҰҚ АҚ «Ақсу ферроқорытпалар зауыты» филиалы, «Богатырь Аксес Комир» ЖШС, «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Павлодар мұнай химия зауыты» АҚ, «Кастинг» ПФ АҚ, «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, «Павлодар картондық-рубероид зауыты» АҚ және көптеген басқалары. Олардың көпшілігі республикада ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде де жақсы танымал.

Оның үстіне, аймақта ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттар мен шикізаттық база бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр стансалары, Ақсу ГРЭС-і, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіптік кешенінің энергия сыйымды кәсіпорындарына қызмет көрсететін бірқатар ірі жылу стансалары. Бұл электр стансаларының сөзсіз артықшылығы көмір көздері мен электр және жылу энергиясының тұтынушыларына жақындық болып табылады.

Облыста ауыл шаруашылығына да көп көңіл бөлінеді. Аймақтың ауыл шаруашылыққа пайдаланатын жерлерінің ауданы 11,2 млн га құрайды. Облыста өсіретін негізгі дақыл бидай болып табылады – егістік ауданының жартысына жуық. Егістіктің шамамен 15-17 %-ы дәнді дақылдар болып келеді. Оның үстіне, облыста картоп, көкөніс және бақша дақылдары өсіріледі.

Облыста жасалған өнеркәсіптік әлеует көліктік коммуникациялар мен көліктік- экономикалық байланыстардың кеңею қажеттілігіне себепші болды. Облыс күрделі көліктік- коммуникациялық торапты ұсынады: бұл жерде елдің оңтүстігіне (Шымкент қ.) аса ірі қазақстандық мұнай құбыры, Қазақстан мен Ресейдің әр түрлі аймақтарына электр энергиясын алысқа беру желілері, Ертіс- Қарағанды – Жезқазған арнасы, Ресейге, елдің орталығы мен оңтүстігіне өтетін темір жолдар бастау алады.

Павлодар облысы халықтың ақша кірістерінің орташа республикалық салыстыруы бойынша ақша кірістері орташа республикалық деңгейден асып түсетін облыстардың қатарына жатады.

Банк жүйесіде 17 филиал және 2 аймақтық банк бар. Сақтандыру нарығында лицензиясы бар, рұқсат етілген барлық дерлік қызмет түрлері- өмірді, жазатайым оқиғалардан, медициналық, көлік құралдарын, жүктерді, азаматтық және кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, қайта сақтандыру ұсынылған. Қор нарығы мен лизингтік қызметтер нарығын ойдағыдай дамыту үшін алғышарттар бар. Орташа айлық номиналды жалақы 40 мыңнан астам теңгені құрайды. Зейнетақы мен бюджеттік сала жұмысшыларына жалақылар бойынша берешектер жоқ. Халықты жұмыспен қамту органдары халықты жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, кәсіби оқыту бойынша бірқатар шараларды жүргізеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге