Экономика

Экономика

Павлодар облысының ЖӨӨ 2018 жылы 1,7 трлн. теңге (ҚР ЖӨӨ-дегі облыстың ЖӨӨ үлесі 4,2% құрады). Қазақстан өңірлерінің ішінде ЖӨӨ көлемі бойынша Павлодар облысы 7-орында

Павлодар облысының ЖӨӨ құрылымында қызметтерге 63,6% немесе 1,2 трлн. теңге, тауарларға – 36,4% немесе 705,4 млрд.теңге. Бұл ретте тауарлар бойынша ЖӨӨ-нің ең үлкен көлемі өнеркәсіп өндірісіне – 90,7% немесе 626,9 млрд.теңге тиесілі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі 9,3% немесе 78,5 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы
2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 78,5 млрд. теңгені құрады.. оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 104,9%, мал шаруашылығында-103,7%. 

Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенінде ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру және ауыл шаруашылығы өндірушілерін мал шаруашылығын дамытуға ынталандыру дамудың басым бағыттары болып табылады.

Өсімдік шаруашылығы
2018 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі 1,2 млн. га жерге орналастырылды, оның ішінде бидай – 473,7 мың га, жемдік дақылдар – 334,8 мың га, дәнді дақылдар – 725,6 мың га, майлы дақылдар – 215,2 мың га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 32,6 мың га.


Мал шаруашылығы
2018 жылдың қорытындысы бойынша облыста 1,6 млн.бас құс, 553,7 мың бас қой мен ешкі, 423,4 мың бас ІҚМ, 160,3 мың бас жылқы және 75,3 мың бас шошқа бар.

Өнеркәсіп 
2018 жылы Павлодар облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 769,9 млрд.теңгені құрады, НКИ – 101,9%. Ұлғаю мыс кендері мен концентраттарын өндіру, феррохром, өңделмеген алюминий, болат құбырлар мен профильдер өндірісінің өсуі есебінен болды.

Облыстың өнеркәсіп құрылымында тау – кен өнеркәсібінің үлесі 11,3%, өңдеу – 70,2%, электрмен жабдықтау – 16,7%, сумен жабдықтау-1,8% құрады.

Тау-кен өнеркәсібінде 87 млрд.теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 125,4% 2017 жылға. 

Өңдеу өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемі 1,2 трлн. теңгені құрады. теңге (НКИ-100,9%).

Металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 882,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 3,6% - ға жоғары. Қара металлургия өндірісі 2,7% - ға, негізгі асыл және түсті металдар өндірісі 4,7% - ға артты. 

Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 110,4 млрд. теңгені құрады (НКИ – 95,6%). 

74,1 млрд. теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді (НКИ – 108,7%). Тамақ өнімдерінің өндірісі 2,5% - ға, сусындар өндірісі 6,2% - ға артты. 

Машина жасауда 71,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2017 жылға қарағанда 19,8% - ға жоғары. Компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер өндірісі 20% - ға, автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі 22,6% - ға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 17,4% - ға төмендеді.

Химия өнімдерін өндіру көлемі 28,6 млрд. теңгені құрады. Резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінде өсім байқалады (38,7% - ға), фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 14,8% - ға төмендеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге