Біз туралы

Біз туралы

Нүкенов Қайрат Теміршотұлы

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Қ.Т.Нүкенов ұзақ жылдар бойы Павлодар облысының шағын және орта бизнес құрылымдарында еңбек етті, облыстық мәслихат депутаты болып сайланды, облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасын басқарды, сонымен қатар, Железин ауданы, индустриялық-өнеркәсіптік аймақтар – Ақсу, Екібастұз қалаларының әкімі қызметін атқарды.

2018 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Негізгі мәселелер:

  • Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамы-тудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасын  іске асыру;
  • өңірге инвестицияларды, соның ішінде шетел инвестицияларды тарту, инвестициялық климатты жақсарту;
  • инновацияларды және озық технологияларды енгізу үшін жағдай жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын дамыту;
  • өнеркәсіпті қолдау және дамыту;
  • кәсіпкерлікті дамыту, бизнес қауымдастықтардың мемлекеттік органдар-мен өзара іс-қимыл, кәсіпкерлік үшін әкімшілік тосқауылдарды азайту, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру;
  • ұлттық компаниялардың және жүйе құраушы кәсіпорындардың, мем-лекеттік  органдардың  сатып  алу  көлемдерінде отандық тауар өндірушілердің
  • (қазақстандық үлестің) өнімін ұлғайту;
  • облыс өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін, өндірістің қуат тиімділігін дамыту және арттыру, технологияларды жаңғырту және трансферті;
  • сыртқы экономикалық қызметті және шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту;
  • өңірде сауда мен туризмді дамыту;
  • өңірдің шикізат қорларын тиімді игеру және оларды тереңдетіп қайта өңдейтін жаңа өндірістер құру;
  • кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану;
  • индустриялық аймақтарды дамыту;
  • мемлекеттік органдарды жобалық басқару және цифрландыру;
  • қалада «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының (кәсіпкерлікті дамыту мәселелері) іске асырылуын үйлестіру;
  • «Цифрлық Қазақстан» инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді.

  1. Мыналардың қызметін тікелей басқарады:

1.1. Облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасы;

1.2. Облыс кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы;

1.3. Облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы (жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша).

  1. Мыналардың қызметін үйлестіреді және бағыттайды:

2.1. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компа-ниясы» акционерлік қоғамы;

2.2. «Инвестицияларды тарту агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  1. Мыналармен өзара іс-қимыл жасайды және байланысты жүзеге асырады:

3.1. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.2. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті;

3.3. Павлодар облысы бойынша ұлттық кәсіпкерлік палатасы;

3.4. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалы;

3.5. «Павлодар өңірлік ғылыми-технологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3.6. «Халықаралық Стартап Академия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

3.7. Өнеркәсіп кәсіпорындары, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері;

3.8. Қалалар мен аудандардың әкімдерімен шұғыл шешуді қажет ететін ағымдағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

  1. Жетекшілік ететін салалары бойынша:

4.1. Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, облыс әкімі тапсырмаларының орындалуына;

4.2. республикалық, сондай-ақ облыстық деңгейде өткізілетін мемлекеттік ор-гандар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне;

4.3. мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, облыс аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады.

  1. Консультативтік-кеңесші органдарды басқарады немесе олардың қызметін үйлестіреді:

5.1. Павлодар облысы әкімдігі жанындағы инвестицияларды тарту кеңесі;

5.2. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компа-ниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі.

5.3. Павлодар облысындағы туризм және туристік қызмет мәселелері жөніндегі комиссия;

5.4. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссиясы;

5.5. Павлодар облысы әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі;

5.6. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі;

5.7. Облыста инновацияларды дамыту және енгізу жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес;

5.8. Павлодар облысын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі;

5.9. Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штабы;

5.10. Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау жөніндегі облыстық комиссиясы.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге