Біз туралы

Біз туралы

Ғанибет Қанатұлы Әубәкіров

Басқарма бастығы

Ғанибет Қанатұлы 1982 жылғы, екі жоғары білімі бар: 2003 жылы Қарағанды қаржы институтын «экономист-қаржыгер», 2011 жылы Қарағанды «Болашақ» университетін «құқық» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті Мемлекеттік активтер мониторингі және ішкі әкімшілік ету басқармасының сарапшысы болып бастады.

2014 жылғы наурыз бен 2016 жылғы қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитеті Өнеркәсіп саясаты басқармасының басшысы; Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті салааралық үйлестіру басқармасының басшысы.

2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриаялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жұмыс орны – Павлодар облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге